«Құмда ойнағандай болдым»: легионер ойыншы Қазақстандағы футбол алаңдарының сапасын сынады

«Құмда ойнағандай болдым»: легионер ойыншы Қазақстандағы футбол алаңдарының сапасын сынады
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Гаити ұлттық құрамасының ойыншысы Алекс Джуниор Қазақстандағы футбол алаңдарының сапасын сынады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Алекс Джуниор – Гаити ұлттық құрамасының 30 жастағы футболшысы. Ол қазақстандық «Ақсу», «Атырау» және «Тараз» футбол клубтарында доп тепкен.

«Қазақстан чемпионатында мен ойнаған ең нашар алаң Қызылорда қаласында. «Атырау» футбол клубының легионерлері сол клубтың алаңын көп сынайтын. Алайда ҚПЛ-дың кезекті турында Қызылордаға барғанда алаңды көріп, таңғалдық. Мен ондай алаңда ешқашан ойнаған емеспін. Құмда ойнап жүргендей сезім болды. Сонымен қатар абайлап ойнадым. Себебі Гаити ұлттық құрамасының ойындары алдында жарақат алғым келген жоқ», – деді Алекс.

Айта кетейік, Алекс Қазақстан Премьер лигасының өткен жылғы маусымында «Ақсу» сапында ойнаған еді. Павлодардық команда 26 турда 18 ұпай жинап, ең соңғы орынмен Бірінші лигаға түсіп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер