Әлем футболы

Иран қақпашысы жанкүйерді құшақтап алғаны үшін жазаланды

Иран қақпашысы жанкүйерді құшақтап алғаны үшін жазаланды
news-banner7
mobile-news-top

«Эстеглал» клубының және Иран ұлттық құрамасының қақпашысы Хоссейн Хоссейни кездесу кезінде алаңға жүгіріп шыққан жанкүйерді құшақтағаны үшін бір ойынға шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

RMC Sport хабарлауынша, мұндай шешімді Иран футбол федерациясының Тәртіптік кеңесі қабылдаған. Бұл оқиға 12 сәуірде футболдан Иран чемпионаты аясында «Алюмин Арак» пен «Эстеглал» командалары арасындағы матч кезінде болған. Ойын эпизодтарының бірінде жанкүйер алаңға жүгіріп шыққан. Осы кезде қақпашы Хоссейн Хоссейни жүгіріп келген жанкүйерді құшақтап алған.

Біраз уақыттан кейін бойжеткенді стадион күзетшілері ұстады. Иран заңдары ерлердің отбасы мүшелері емес әйелдерді құшақтауына тыйым салады.

Хоссейни бір чемпионат матчына шеттетілді, оған қоса 4400 еуро айыппұл салынды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер