Қазақстанның қазіргі чемпионы бас бапкер туралы мәлімдеме жасады
Шымкенттік «Ордабасы» командасының бас бапкері Александр Седнев қызметінен кетуін сұрады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Команданың бас бапкері Александр Седнев «Қызыл-Жармен» өткен ойыннан кейін клуб басшылығына клубтан кеткісі келетінін хабарлады. Шымкент қаласының басшылығы шешім қабылдауға уақыт бөлді», - деп жазады клубтың баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, командалар Премьер-лиганың бесінші турының матчында кездесіп, ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.
Айта кетейік, «Ордабасы» Қазақстанның қазіргі чемпионы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или