«Жақсы тәжірибе». Қазақстан құрамасының бас бапкері туралы пікір айтылды

«Жақсы тәжірибе». Қазақстан құрамасының бас бапкері туралы пікір айтылды
news-banner7
mobile-news-top

«Ахмат» жартылай қорғаушысы Бернард Бериша бас бапкер Магомед Адиевтің грозныйлық клуб пен Қазақстан құрамасында қатар жұмыс істеуі туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Чемпионат сайтына сілтеме жасап.

Футболшының пікірінше, Адиев — мықты тұлға әрі мықты маман, сондықтан екі жерде жұмыс істеу оған қиындық туғызбайды.

«Адиевтің «Ахматқа» келуі команда үшін де, бапкер үшін де жақсы тәжірибе болады. Ол мұнда ойнады, кубок жеңіп алды. Бұл жұмыстың жақсы кезеңі болады деп ойлаймын.

Ол «Ахмат» пен Қазақстан құрамасында қатар қызмет ететіні қиындық тудырмайды. Ресей құрамасының бапкері де «Ростовта» жұмыс істейді ғой. Қазақстан халықаралық турнирде ойнайтыны проблема болмауы керек. Ол мықты адам әрі мықты бапкер, қолынан келеді», — деді Бериши.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер