«Манчестер Юнайтед» футболшысының үйін қазақтар салып жатыр

«Манчестер Юнайтед» футболшысының үйін қазақтар салып жатыр

Англиялық «Манчестер Юнайтед» футбол клубының қақпашысы Андре Онананың үйін қазақтар салып жатыр, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Арыс қаласының тумасы Таңғат Ертай 5 жыл бұрын Африка құрлығындағы Камерун республикасына жұмыс бабымен көшіп барған. Қазір ол Камерунда отбасымен бірге тұрады.

Сондай-ақ қазақстандық азамат ірі құрылыс компанияларының бірінде қаржы директоры болып жұмыс істейді. Камерунда дүниеге келген әйгілі футболшы Андре Онана жақында туған жеріне барып, ата-анасына үй салып беруді шешіпті.

Спортшы бұл істі Таңғат Ертайға сенім тапсырған.

«Андре Онаның үйін салуды бастадық. Ол анда-санда туған жеріне келіп тұрады, бірақ негізі бұл жақта тұрмайды. Ата-анасына үй салып беруді шешіп, бізге тапсырыс берді. Білуімше, Камерун атақты футболшыларға толы», – деді Таңғат Ертайдың жұбайы Нұрдина Жұмабай.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или