Қайрат Боранбаев «Қайрат» ФК қатысты мәлімдеме жасады

Қайрат Боранбаев «Қайрат» ФК қатысты мәлімдеме жасады
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайраттың» Қадағалау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев «Ақтөбеге» матчтан (1:3) кейін клуб пен команданың бас бапкері Кирилл Кекерге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Достар, матчтан кейін жазған пікірлеріңізді мұқият оқып шықтым. Клубтың қазіргі даму стратегиясына қатысты көп сұрақ қойылып жатыр. Соған байланысты былай жауап бергім келеді:

Осы он жыл ішінде ішкі аренада барлық жүлдені, соның ішінде чемпиондық пен алты Қазақстан Кубогын жеңіп алдық, Конференция лигасының топтық кезеңіне жолдама алып, чемпион болуға тұрақты түрде күресіп жүрдік.

Бірақ сонымен бірге біз маңызды жұмыс жасадық. Өз түлектерімізді дайындайтын толық циклды басынан бастап құрдық. Мен әрқашан жетістікке үлкен қаржылық салымдар мен шетелдік ойыншыларды жаппай сатып алудың арқасында емес, жас футболшылармен жұмыс істей алатындығымыздың арқасында келгенін қалаймын.

Мысалы, соңғы бес жылда Қазақстан құрамасының тең жартысы біздің түлектерден құралған. Сондай-ақ жыл сайын өз мансабын басқа клубтарда жалғастырып, өсіп, елдегі футболдың сапасын жақсартатын ондаған дайын кәсіби футболшыны шығарамыз. Бұл кеше ғана Қазақстан ауылдары мен қалаларынан шыққан балалар. Олар біздің жұмысымыздың арқасында спортпен айналыса алады.

Штабқа қатысты шағымдарға келетін болсақ, әзірге Кирилл Кекер бас бапкер болып қала береді. Ол біздің бапкер болып тұрғанда оған құрмет көрсету керек. Ойында жақсы мүмкіндіктеріміз болды. Басқа күні біз жеңіп кетуші де едік. Маусым әлі аяқталмады. Команданы жеңісте де, жеңілісте де қолдау қажет. Алда талай жеңіске жетеміз. Стадионды толтырып, бізді қолдап, жанкүйер болған жандарға алғыс айтамын»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер