Роман Асранқұлов клубқа жаңадан келген ойыншылар туралы айтты

Роман Асранқұлов клубқа жаңадан келген ойыншылар туралы айтты

«Тобылдың» сол жақ қорғаушысы Роман Асранқұлов командаға жаңадан келген ойыншылардың қалай бейімделіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жексенбі, 21 сәуір күні «Тобыл» Қазақстан чемпионатының 5-турындағы матчында «Астанамен» тең ойнады.

«Бізде тамаша команда және командалық атмосфера бар. Жігіттердің бәрі бауырмал, бір-біріне бауырындай қарайды. Бірлігіміз жарасқан, командалық жұмыста біз үшін қиындық жоқ, бәрі жақсы», - деді Асранқұлов.

Кездесу қорытындысы бойынша «Тобыл» сегіз ұпай жинап, турнир кестесінде төртінші орында тұр. Команда ҚПЛ аясындағы келесі ойынын 27 сәуірде «Жеңіске» қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или