Шешуші сәт. Турнир кестесіне көз жүгіртейік

Шешуші сәт. Турнир кестесіне көз жүгіртейік

Көктемде бастау алған футбол чемпионатының аяқталуына санаулы уақыт қалды. 8 ай жалғасып келе жатқан ел біріншілігінің қызықты әрі тарихи сәттері көп болды. «Астана» мен  «Қайрат» чемпиондық тәж үшін таласқа түссе, «Қайсар» мен  «Шахтер» күтпеген жерден бәсекенің аутсайдері атанды. Премьер-Лига ойындарының бітуіне 3 маңызды кезең қалды. Бұл уақытта кімнің чемпион атанып, кімнің жоғарғы дивизионмен қош айтысатынын білетін боламыз. «PROСПОРТ» тілшісі соңғы кездесулерді саралап, ой қорытып көрмек.

Surprise

Былтырғы жылы ғана жоғарғы орындар үшін таласқа түскен  «көкжалдар» бүгінде көшт соңында келеді. Жыл бастала салысымен тәуір ойын көрсете алмай келген «Қайсар» ойыншылары әлі де өздеріне келе қойған жоқ. Соның салдарынан, қызылордалықтардың ықыласына бөленген Дмитрий Огай ағымдағы маусымда өз орнын босатты. Федор Щербаченко жағдайды түзеуге келгенімен, әзірге қолынан ештеңе келер емес.

Екі жыл бұрын Еуропаны шулатқан «кеншілердің» жағдайы да мүшкіл. Премьер-Лигадан ұшып кетуі қаупінен басқа, қаражат жағы қалтаны қысып тұр. Еурододада жиналған қаражаттың оңды-солды шашылғанын енді білуге болады. Виктор Кумыков кеткелі «Шахтер» ес жимады. Маусым алдында «кеншілердің» тізгінін ұстаған Владимир Чебурин команданы алға жетелей алмады. Керісінше, сүреңсіз ойынымен көш соңында қалдырды.

Алтыншы орынды бермеген «Тобыл»

Екінші алтылықтың көшін қостанайлық  «Тобыл»  мен  көкшетаулық «Оқжетпес»  бастап келеді. Қостанайлықтар үшін бұл қалыпты жайтқа айналғандай, осымен төртінші жыл қатарынан екінші алтылықты бастап келеді. Ал Бірінші Лигадан қосылған «Оқжетпес»  үшін жаман көрсеткіш емес. Команданы жаңадан құрған Владимир Мухановтың атқарған жұмысы жемісін беруде. Екінші алтылықтың «чемпионы»  атануға толықтай мүмкіндіктері бар. Алайда қостанайлықтар бұған жол бере қоймас...

Еуро-жорыққа аттануға кім лайықты?

Еуропа лигасының іріктеу кезеңіне қатысуға құқық беретін 2-ші мен 3-ші орындар. Алайда Қазақстан Кубогының финалына «Астана» мен  «Қайрат» шықты. Сол себепті, екі команданың бірі чемпион атанып жатса, 4-ші орын алған ұжымның да еурододаға қатысуға мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда, «Ақтөбе»,  «Ертіс» және «Ордабасы» клубтары арасындағы жүлде үшін күрес өтуде. Дегенмен бұл кішігірім жарыста «Ақтөбенің» мысы басым, себебі қоржынында 31 ұпай. Ал ең жақын келе жатқан қарсыласы «Ордабасы» батысқазақстандық ұжымнан 5 ұпайға қалып келеді. Не дегенмен, еуро алаңда мол тәжірибесі бар «Ақтөбе» келер жылы намысты бере қоймас. Ал енді «Ертіс» пен «Ордабасы» арасында жолдама үшін нағыз бәсекелестіктің болары айқын нәрсе.

Чемпиондық тәждің иесі анықталар сәт

Сөзсіз, чемпиондықтан үміткер екі команда бар; бірі - «Астана», екіншісі - «Қайрат». Алдағы кездесу чемпиондық жарыстың шешуші сәті. Станимир Стойлов бұл матчтың маңызды екенін Чемпиондар Лигасындағы «Атлетикоға» қарсы ойында негізгі ойыншыларын апармағандығымен білдірді. Ал Владимир Вайсс осымен үшінші жыл чемпиондық тәж үшін күресуде. Егер де бұл жолы мақсаттарына жетсе, келер жылы Чемпиондар Лигасында бақ сынайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или