Әлем футболы

«Байер» ерекше рекорд орнатты

«Байер» ерекше рекорд орнатты
news-banner7
mobile-news-top

Кеше, 21 сәуірде Германия Бундеслигасының 30-туры аясында «Боруссия Д» пен «Байер» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын «Сигнал Идуна Парк» стадионында (Дортмунд, Германия) өтті.

Матч 1:1 есебімен тең аяқталды.

Осылайша, Хаби Алонсо шәкірттері қазір барлық турнирлерде жеңіліссіз өткен 45 матч сериясына ие болды - 38 жеңіс және 7 тең ойын.

Айта кетейік, «Байер» 2023/2024 жылғы маусымдағы Бундеслига кестесінде бірінші орында тұр. Команда 30 кездесуде 80 ұпай жинап, соңғы турда мерзімінен бұрын Германия чемпионы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер