Әлем футболы

Германия футбол қауымдастығы Юлиан Нагельсманнмен келісімшартты ұзартты

Германия футбол қауымдастығы Юлиан Нагельсманнмен келісімшартты ұзартты
news-banner7
mobile-news-top

Германия құрамасының бас бапкері Юлиан Нагельсманның 2026 жылдың жазына дейін жаңа келісімшарт жасасқанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Германия футбол қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, Нагельсманн Германия құрамасын былтыр қыркүйек айында жаттықтыра бастаған болатын. 36 жастағы маман карьерасында «Бавария», «РБ Лейпциг» және «Хоффенхайм» клубтарында жұмыс істеген.

Көктемде БАҚ-та Юлианға «Ливерпуль» мен «Бавария» қызығушылық танытып отыр деген ақпарат тараған болатын.

Осы жазда Германияда футболдан Еуропа чемпионаты өтеді. Юлиан Нагельсманның командасы турнирде «А» тобында өнер көрсетеді. Германияның қарсыластары Шотландия, Венгрия және Швейцария құрамалары болады. Еуро-2024 турнирі 14 маусым мен 14 шілде аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер