Әлем футболы

Словения құрамасының шабуылшысы «Арсенал» сапына ауысуы мүмкін

Словения құрамасының шабуылшысы «Арсенал» сапына ауысуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

«Лейпциг» пен Словения құрамасының шабуылшысы Беньямин Шешко «Арсенал» сапына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Daily Mail мәліметінше, «Арсенал» командада айқын шабуылшының жоқтығын ескере отырып, Шешконы осы позицияны нығайтуға басты үміткер көріп отыр.

Футболшыға лондондық командадан бөлек «Челси» мен «Манчестер Юнайтедтен» көз тігіп отырғаны айтылған.

Шешко «Лейпцигке» былтыр жазда «Зальцбургтен» 24 миллион еуроға ауысқан.

Осы маусымда форвард команда сапында барлық турнирде 37 матч өткізіп, 13 гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Ойыншының клубпен келісімшарты 2028 жылдың маусымына дейін есептелген.

Transfermarkt порталы футболшыны 40 миллион еуроға бағалап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер