Әлем футболы

Грекиялық футболшының қанынан допинг табылды

Грекиялық футболшының қанынан допинг табылды
news-banner7
mobile-news-top

Грекия құрамасы футболшысының қанынан допинг табылды. Ол сынаманы Еуропа чемпионатының іріктеуі кезеңіндегі Грузия құрамасына қарсы матчтан кейін тапсырған, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Грекиялық SPORT24 мәліметінше, ЕУРО-2024 іріктеуіндегі плэй-офф финалында Грузияға қарсы ойнаған грек футболшыларының бірінен тыйым салынған препарат табылған.

Қазір хаттама бойынша екінші сынама тексерілейін деп жатыр. Содан кейін ғана ойыншының есімі айтылады.

Грузия мен Грекия арасындағы ойынның негізгі уақыты 0:0 есебімен аяқталып, грузиндер пенальти сериясында жеңген еді.

Плэй-офф жартылай финалында Грекия құрамасы Қазақстанды 5:0 есебімен жеңген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер