русский язык
Футбол

Футболда қақпашыларға қатысты жаңа ереже енгізілуі мүмкін

Футболда қақпашыларға қатысты жаңа ереже енгізілуі мүмкін

Халықаралық футбол қауымдастықтарының кеңесі (IFAB) қақпашылардың допты ойынға қосу уақытына қатысты жаңа ереже ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі ереже бойынша қақпашы допты 6 секунд ішінде ойынға қосуы керек. Ал жаңадан ұсынылған ережеге сәйкес, қақпашы допты 8 секундтан артық қолында ұстап тұрса, қарсылас командаға бұрыштама немесе аут беріледі. Ол ережені бұзған қақпашыға ең жақын қапталдан орындалады.

Бұл ереже 2024/25 жылғы маусымда сынақтан өткізілмек. Кейін 2025 жылдың соңында IFAB ұйымы ережені талқылайды. Егер сынақ сәтті өтсе, 2026/27 жылғы маусымнан бастап барлық турнирде қолданыла бастайды.

Еске салайық, футбол ойынына sin-bin төрелік процестері аясында көк қағаз енгізу ұсынылған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;