«Атлетико» - «Астана». Қазақстандықтар сапынан кім үздік болды?

«Атлетико» - «Астана». Қазақстандықтар сапынан кім үздік болды?

«Атлетикомен» болған матчтағы «Астана» командасының үздік ойыншысы анықталды. Goal.com сайтының нұсқасы бойынша, бұл кездесуде қақпашы Ненад Эрич үздік болған.

Бес балдық шкала бойынша елордалық қақпашыға 3,5 ұпай берілді. Дәл осындай ұпайды Goal.com «Атлетико» клубының жартылай қорғаушысы Янник Карраско да еншіледі. Айта кетерлік жайт, Янник Карраско барлық кездесуде үздік ойыншы атанып келеді. Басылымның мәліметі бойынша, «Астананың» ең нашар ойыншысы өз қақпасына гол салып алған Денис Дедечко болды. Оған 2 балл берілді. Дәл осындай ұпайды Абзал Бейсебеков пен Елдос Ахметов еншіледі. Ал 64-ші минутта алаңға шыққан Игорь Пикалкин үш ұпай алды.

Еске сала кетейік, «Астана» клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің үшінші турында «Атлетикодан» 4:0 есебімен жеңіліп қалған болатын. Елордалықтар келесі матчында тағы да «Атлетико» клубымен ойнайды. Матч 3 қарашада «Астана Арена» стадионында өтпек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или