Месси мансабындағы жаңа марапатқа ие болды
Интер Майами шабуылшысы Лионель Месси MLS аптасының үздік футболшысы атанды. Бұл туралы турнирдің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Естеріңізге сала кетейік, тұрақты маусымның соңғы матчында Херардо Мартино командасы «Спортинг Канзаспен» кездескен болатын. «Интер Майами» нәтижелі кездесуде 3:2 есебімен жеңісін тойлады. Мессидің еншісінде гол мен голдық пас бар.
Айта кетейік, Лионель бұл сыйлықты маусымда алғаш рет алып отыр.
36 жастағы аргентиналық осы маусымда MLS-те бес матч өткізді. Шабуылшы бес гол соғып, екі нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или