русский язык

«Астанаға» африкалық шабуылшы ауысты

«Астанаға» африкалық шабуылшы ауысты

«Астана» 22 жастағы нигериялық шабуылшы Ннамди Аханону туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ннамди бізбен бірге! Біздің шабуылшы командамен алғашқы жаттығуын өткізді», - деп жазды «Астана» футбол клубының баспасөз қызметі.

Аханону елордалық командаға албаниялық Скендербеуден ауысты. Өткен маусымда Албания чемпионатының үздік сұрмергені атанды.

Айта кетейік, «Астана» Қазақстан Премьер-Лигасындағы келесі ойынын 21 сәуірде Алматыда «Тобылға» қарсы өткізеді. Кездесу сағат 16:30-да болады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;