Александр Седнев «Ордабасыдан» кете ме? Мән-жайы айтылды

Александр Седнев «Ордабасыдан» кете ме? Мән-жайы айтылды
news-banner7
mobile-news-top

«Ордабасы» бас бапкері Александр Седнев Беларуське оралмайды. Бұл туралы беларусьтік журналист Владислав Татур өзінің телеграм-арнасында жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін Седнев минскілік «Динамоның» тізгінін ұстауы мүмкін екені хабарланған еді.

«Бапкер Қазақстанда өзін жайлы сезінеді», — деп жазды Татур.

«Динамо» маусымды сәтсіз бастап, бас бапкер Вадим Скрипченко қызметінен кетуге жақын.

Ал Седнев «Ордабасыны» 2021 жылдан бері жаттықтырады, былтыр алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды. Биыл команда Чемпиондар лигасының іріктеуіне қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер