Мадридтегі сүреңсіз ойын. «Атлетико» «Астананың» қақпасына төрт жауапсыз гол соқты

Мадридтегі сүреңсіз ойын. «Атлетико» «Астананың» қақпасына төрт жауапсыз гол соқты

Елордалық «Астана» Чемпиондар лигасы топтық кезеңнің үшінші матчында сырт алаңда мадридтік «Атлетикомен» күш сынасты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Алты жетекші футболшысыз Мадридке аттанған астаналықтар «Атлетикоға» қарсы ойынға небәрі он төрт ойыншыны тізімге енгізді. Станимир Стойлов «Висенте Кальдерон» стадионында өрбіген кездесуде 1-5-4-1 тактикалық схемасын қолданды. Негізгі құрамда жиі шыға бермейтін Елдос Ахметов, Серікжан Мұжықов, Абзал Бейсебеков, Денис Дедечко мен Алексей Щеткинге бұл жолы жақсы мүмкіндік берілді. Бірақ өкінішке қарай, жерлестеріміз азулы «Атлетико» ойыншыларына еш төтеп бере алмады. Бірінші таймда-ақ «Атлетико» Ненад Эричтің қақпасына екі гол соқты. Алдымен Сауль Ньигес көзге түссе, кейін колумбиялық Джексон Мартинес есепті еселеді.

Екінші кезеңде де елордалық ұжым есепті өзгерте алмады. Есесіне Диего Симеоненің командасы тыңнан алаңға қосылған Оливье Торрестің көмегімен үшінші голды соқты. Көп ұзамай Фокси Кетеовама бір гол қайтаратын жақсы мүмкіндігін жүзеге асыра алмады – Ян Облак оның соққысын қайтарды. Артынша, Фернандо Торресте өзінің мадридтік клуб сапындағы жүзінші голын соғатын бірнеше жақсы мүмкіндіктері болды. Бірақ шабуылшыға сәттілік жетіспеді. Ал матчтың аяқталуына екі минут қалғанда елордалық клубтың қорғаушысы Денис Дедечко байқаусыздан өз қақпасына төртінші голды енгізді. Қорытынды есеп – 4:0.

«C» тобының басқа кездесуінде ыстамбұлдық «Галатасарай» өз алаңында «Бенфиканы» 2:1 есебімен ұтты.

Чемпиондар лигасы. 3-ші тур.

«Атлетико» - «Астана» - 4:0 (2:0)

Голдар: Ньигес 23, Мартинес 29, О. Торрес 63, Дедечко (автогол) 88

«Атлетико»: Облак, Годин, Сикейра, Савич, Хуанфран, Тьягу (Оливер Торрес 46), Гризманн (Корреа 57), Габи, Сауль Ньигес, Мартинес (Фернандо Торрес 66), Карраско

«Астана»: Эрич, Ахметов, Бейсебеков, Илич, Постников, Жуков (Пикалкин 63), Кетевоама, Мужиков (Қожамберді 82), Дедечко, Щеткин (Құлбеков 79), Кабананга

Ескертулер: Ахметов 49

Төрешілер: Кульбаков, Малютин, Цинкевич (Беларусь)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или