Станимир Стойлов: «Топтық кезеңге бекер шықпағанын дәлелдегіміз келеді»
<div style="text-align: justify;">
<strong>«Астананың» бас бапкері Станимир Стойлов бүгінгі мадридтік «Атлетикоға» қарсы кездесу жайлы өз пікірін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».</strong></div>
<div style="text-align: justify;">
</div>
<div style="text-align: justify;">
«Команданың көңіл-күйі жақсы. Бүгінгі кездесуге дайындалудамыз. «Атлетико» сияқты ұлы командаға қарсы ойнау біз үшін үлкен құрмет. Топтық кезеңге бекер шықпағанын дәлелдегіміз келеді. Өз деңгейімізді көрсетеміз. «Атлетико» Чемпиондар лигасында үнемі жақсы ойнайтын команда, тіпті турнирді ұтатын жақсы мүмкіндігі бар деп ойлаймын. Астанада бірқатар ойыншыларымыз қалды. Себебі осы аптада бізді «Қайратқа» қарсы өте маңызды кездесу күтіп тұр. Бірақ бізде бүгінгі ойынға дайын әрі мұндай деңгейде ойнай алатын 14 футболшы бар. «Галатасарай» мен «Бенфикаға» қарсы ойнаған мәнерде ойнаймыз. Еурокубоктарда тәжірибеміз аз, бірақ үш ұпай олжалау үшін бар күшімізді саламыз», — деді Стойлов УЕФА-ның ресми сайтына. </div>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или