«Ақтөбенің» жасөспірімдері Стамбулға жетті

Жасөспірімдер арасындағы Чемпиондар лигасына қатысып жатқан «Ақтөбе» футбол клубының жас футболшылары Стамбулға келіп жетті. Ақтөбеліктер түркиялық «Бешікташқа» қарсы қарымта матч өткізеді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Кеше ақтөбеліктер пойызбен Атырауға жетіп, сол жақтан рейстік ұшақпен Түркия Астанасына аттанды. Бүгін Валерий Нестеренко шәкірттері ойын алдындағы жаттығуын өткізді. Стамбулға жарақатына байланысты команданың негізгі ойыншысы Рустам Сахибов бармады.

Естеріңізге сала кетсек, 30 қыркүйекте өткен алғашқы матч 0:2 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Қарымта матч бүгін «Малтепе» стадионында өтеді. Ойын Астана уақытымен 17:00-де басталмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или