Исламбек Қуат - Түркияның ұлттық батыры

ЕУРО-2016 іріктеу кезеңіндегі Латвия қақпасына гол соғып, елімізге жеңіс сыйлаған Исламбек Қуат түрік халқының ықыласына бөленді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Себебі, Қазақстан құрамасының жеңісі Түркия құрамасына қосымша ұпай сыйлап, оларды Еуродаға тікелей шығарды.

«Жанкүйерлер өз елінің құрамасының финалдық кезеңге шығуына себепкер болған Исламбек Қуатқа шексіз риза болғаны соншалық, оған «Түркияның ұлттық батыры» атағын беру туралы ұсыныстар білдірген. Ал әлеуметтік желі пайдаланушылары сезімге толы ризашылықтарын жолдаған. Исламбек Қуаттың бұл голы оны Түркияда танымал етіп жіберді. Тек «Гугл» іздеуші жүйесінде оның есімі 1 млн. 200 мың рет терілген.

Бұл елде депутаттар да ұлттық құраманың жанкүйерлері болып табылады. Осы орайда Түркия Парламентінің депутаттары алғыс білдіруді жөн деп тапқан. Сол себеппен қазіргі билеуші Даму және әділдік партиясының депутаты Махмут Маллы Түркиядағы Қазақстан Елшілігіне арнайы барып, елші Жансейіт Түймебаевпен кездесті.

Елшілік арқылы депутат Исламбек Қуатқа алғыс хат және «Бешикташ» командасының формасын естелік ретінде жолдады. Бұл сыйлық қазақстандық футболшы үшін қайталанбас құрмет болып саналады, себебі ол өзінің сұхбаттарының бірінде сүйікті командаларының бірі ретінде түріктің дәл осы «Бешикташ» командасын атап өткен» - деп жазады ҚазАқпарат.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или