Маттео Трефолони Еуропа Лигасының ойынына инспектор болып тағайындалды

ҚФФ Төрелік ету және қадағалау департаментінің директоры Маттео Трефолони Еуропа Лигасы аясында өтетін немістің «Шальке» мен чехиялық «Спарта» командалары арасындағы матчқа инспектор болып тағайындалды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

22 қазан күні Германияның Гельзенкирхен қаласында Еуропа Лигасының топтық кезеңінің үшінші турында жергілікті «Шальке» мен чехиялық «Спарта» командасы кездеседі.

«Шальке» мен «Спарта» командалары К тобында көш бастап келеді. Германиялық клуб 6 ұпай жинаса, чехиялық футболшылардың қоржынында 4 ұпай бар. Сонымен қатар, бұл топта грекиялық «Астерас» пен кипрлік АПОЭЛ ойнайды. Соңғысы Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңінде қазақстандық «Астана» командасына ұтылғаннан кейін Еуропа Лигасына шыққан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или