Әлем футболы

УЕФА президенті мәлімдеме жасады

УЕФА президенті мәлімдеме жасады
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА президенті Александр Чеферин ұйымда жемқорлық жоқ деп мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен келгенге дейін УЕФА жемқорлық бар ұйым болмағанына сенімдімін, бірақ адамдар УЕФА мен ФИФА-ны жиі шатастырады. Мишель Платиниге қарсы іс болды, бірақ ол оған ФИФА вице-президенті ретінде қатысты.

Мен келген соң бәрін тексердім. Мен УЕФА таза ұйым екеніне сенемін және оған сенімдімін. Біз барлық көрсеткіштерімізді жариялаймыз, ақшаны қайда жұмсайтынымыз белгілі, табысымыздың 97 пайызын қайтадан футболға саламыз.

Мен Швейцарияда салық төлейтінімді 1000 рет қайталадым және менің отбасым Швейцарияға көшпегендіктен, мен Словенияда қосымша салық төлеймін. Бірақ ешкім оған мән бермейді», - деді функционер Nacional басылымына берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер