Бұрынғы UFC чемпионы әлеуметтік желіде белбеулерін көрсетті
Әйелдер арасындағы жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Валентина Шевченко әлеуметтік желіде белбеу топтамасын көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Үздік UFC файтерлері қатысқан жеті турнирде титуылмды жеті рет қорғадым. Рақмет UFC. Чемпиондық титулымды қорғаған әрбір турнир! Жеті белбеу қазір үйде», - деп жазды Шевченко суретке.
2023 жылы қыркүйекте Лас-Вегаста (АҚШ) UFC Fight Night 227 турнирінде Шевченко мен Алекса Грассо арасында реванш өтті. Бұл жекпе-жек тең аяқталды. Олардың алғашқы жекпе-жегі 2023 жылдың наурыз айында UFC 285 турнирінде өткен.
Ол кезде Алекса төртінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіп, чемпиондық белбеуге ие болған. Оның 16 жеңісі, үш жеңілісі және бір тең жекпе-жегі бар. Валентинаның еншісінде 22 жеңіс, төрт жеңіліс және бір тең жекпе-жек бар.