«Астананың» жетекші ойыншылары Мадридке аттанбады

Мадридтік «Атлетикоға» қарсы кездесуге «Астананың» бірқатар жетекші ойыншылары қатыспайды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Рохер Каньяс, Таңат Нөсербаев, Бауыржан Жолшиев, Неманья Максимович, Дмитрий Шомко мен Марин Аничич Астанада қалып, «Қайратқа» қарсы маңызды кездесуге дайындалуда. Мұндай шешімді елордалық клубтың бас бапкері Станимир Стойлов Чемпиондар лигасынан гөрі ел чемпионатының маңыздылығы жоғару болуымен түсіндірді.

Естеріңізге сала кетсек, ертең «Висенте Кальдеронда» мадридтік «Атлетико» елордалық «Астананы» қабылдайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или