ҚФФ Ерлан Қожағапановтың жұмыстан кеткенін растаған жоқ

ҚФФ Ерлан Қожағапановтың жұмыстан кеткенін растаған жоқ

Қазақстан футбол федерациясы Ерлан Қожағапановтың президенттік қызметтен кеткені жайлы ақпаратты растаған жоқ. ҚФФ баспасөз қызметінің атынан таратылған ақпараттың жалған екені мәлім болды. Бұл туралы Bnews.kz тілшісіне Федерацияның баспасөз хатшысы Дмитрий Нестеренко хабарлады.

«Бұл ақпаратты ҚФФ баспасөз қызметі таратқан жоқ. Бұл мәлімдеме «фейк», бізден, Федерациядан мұндай хат жіберілген жоқ. kffkz@mail.ru – мұндай пошта Футбол федерациясында атымен жоқ. Қожағапанов әлі де бұрынғы қызметін атқарып жатыр. Орындаушының аты Усаков Бауыржан деп көрсетіліпті – мұндай адам бізде жұмыс істемейді», - дейді Д.Нестеренко.

Оның айтуынша, Федерация жалған хабарламаны кімнің таратқанын білмейді және алдағы уақытта бұған қатысты қандай шара қолданары әзірге белгісіз.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или