«Астана» Мадридте алғашқы жаттығу жұмыстарын өткізді

Кеше Испания астанасы Мадридке жеткен «Астана» футбол клубы алғашқы жаттығу жұмыстарын өткізді.

«Астана» ФК баспасөз қызметі мәлім еткендей, ел чемпиондары кешкі жаттығуды мадридтік «Реалдың» негізгі алаңында өткізген. Жаттығу бір сағатқа созылды. Футболшылар ұзақ сапардан кейін аяқ-қолдарын жазып, бапкерлердің тапсырмаларын орындаған.

Айта кетейік, бүгін «Астана» «Висенте Кальдерон» стадионында матч алдындағы жаттығуын жасайды деп жоспарланып отыр. Артынша «Астана» мен «Атлетико» клубтарының өкілдері баспасөз мәслихатын өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясындағы «Атлетико» (Мадрид) – «Астана» арасындағы матч қазанның 21-інен 22-іне қараған түні 00:45-те басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или