«Астана» африкалық футболшымен толықты

«Астана» африкалық футболшымен толықты
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» футбол клубы мен 22 жасар шабуылшы Ннамди Аханону келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келісімшарт мерзімі 3 жыл.

Жас та болса, форвард 2023/24 маусымда Албания чемпионатында үздік сұрмергендердің бірі атанды.

Аханону «Астанаға» «Скендербеу» клубынан ауысты. Сонымен қатар, ол «Турбина» (Албания), «Апекс Кран» және «Окагбуе» (Нигериялық командалар) сапында ойнады.

«Елордалық клуб жаңа шабуылшыны құшақ жая қарсы алып, бір жеңнен қол шығарып, маусымға қойған мақсат-міндеттерге бірге қол жеткіземіз деп сенім білдіреді!», - деп жазылған елордалық клубтың хабарламасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер