Мохаммеду Али Ханды автоголы үшін өлтіреміз деп қорқытқан

Мохаммеду Али Ханды автоголы үшін өлтіреміз деп қорқытқан

Швециялық «Хальмстад» футбол клубының қорғаушысы Мохаммед Али Хан жанкүйерлердің оны өлтіргісі келетінін айтып, полицияға шағымданды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Спортшының айтуынша, АИК-ке қарсы матчта автогол салып алғаннан кейін осындай қорқытулар пайда болған. Осы матчтан кейін Мохаммед Али Ханның командасы Швеция чемпионатының жоғары дивизионында қалу мүмкіндігінен айырылды.

«Мені жек көріңдер, балағаттаңдар, өтірік айтыңдар, бірақ маған және менің отбасыма сес көрсетпеңдер. Осы қорқытулардың кесірінен қазір полиция өкілдері менің балаларымды қорғап жүр. Менің балаларымның өміріне қауіп төндіруі адамдық емес. Бұл менің мансабымдағы алғашқы автогол болатын. Өте өкінішті, бірақ футболда мұндай нәрселер болып тұрады», - деді Али Хан.

Естеріңізге сала кетсек, «Хальмстад» АИК-тен 0:1 есебімен жеңіліп қалды, матчтағы жалғыз голды қосымша минутта Хан өз қақпасына соғып алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или