Сейілда Байшақов: «Футбол жұмысы – ұзақ әрі ауыр жол»

ҚФФ вице-президенті Сейділдә Байшақов zakon.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстан футболының қазіргі жағдайы туралы айтып өтті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Сейілда Икрамұлы, футболдың жағдайы қалай?

- Қазақстанда футболға 800 мыңнан астам адам тартылған. Бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді. Футболмен шұғылданатын балалардың саны 350 мыңнан асады. Статистика футболдың Қазақстанда нөмірі бірінші спорт екенін дәлелдейді.

- Сіз ұзақ жылдар бойы футболда қызмет атқардыңыз. Бірнеше жетекшімен жұмыс істедіңіз. Ерлан Қожағапановпен жұмыс туралы айтып берсеңіз?

- Оның жұмыстары көзге көрінеді. Еліміздің басым бөлігін аралап шықты. Жергілікті мәселелермен жеке танысты. Облыс және қала басшыларымен жиі араласып тұрады. Балалар және жасөспірімдер футболын дамыту бағытында көп жұмыс атқарылуда. Шымкентте академия ашылды. Еліміздің шығыс мен батысы кезекте тұр. Елордамыз Астанада да академия ашу бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

Спорттық жетістіктері де белгілі. Футзал клубтары УЕФА рейтингінің шыңына көтерілді. Ұлттық құрама алғаш рет Еуропа чемпионатына жолдама алды. «Астана» футбол клубы қазақстандық футболдың тарихында тұңғыш рет Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне өтті. Ұлттық құрама әлемнің үздік отыздығына енетін Исландия құрамасымен сырт алаңда тең ойнады. Ұзақ уақыттен бері сырт алаңда ресми матчта жеңіске жетті.

Ерлан Тоқтарханұлын он ай бұрын тағайындады. Оның жұмысына баға беру үшін тым қысқа уақыт. Осы уақыттың аралығында отандық футбол оң нәтижелерге қол жеткізді. Бұл федерация президентінің таңдаған бағыты дұрыс екенін көрсетеді.

- Айсұлтан Назарбаевтың бастамасы туралы не айтасыз?

- Айсұлтанның диалогқа ашықтығы мен жеңіл жол іздемейтіні қуантады. Ал, футбол жұмысы - ұзақ әрі ауыр жол. Алайда, пікірталаста өз сөзін бұрын айтып кеткен адамарды қатыстырмағаны жөн. Олардың жұмысының нәтижесі де белгілі.

- Қорыта келсек, Сейілда Икрамұлы, қызығушылықтар кикілжіңі бар ма?

- Қызығушылақтар кикілжіңі жоқ. Оны ойлап тапқан. УЕФА нақты жауап берді. Сол себепті барлығымызға жұмыс істеу қажет. Талқылайтын тақырып та жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или