Шушеначев ойнайтын команда Израиль кубогында жартылай финалға шықты

Шушеначев ойнайтын команда Израиль кубогында жартылай финалға шықты

Футболдан Израиль кубогының ширек финалында «Хапоэль» (Петах Тиква) мен «Хапоэль» (Беер Шева) командалары арасында кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Петах Тиквадағы ХаМошава стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен беер шевалық команданың жеңісімен аяқталды. 44-минутта Хельдер Лопес пенальтиді дәл орындап, матчтағы жалғыз голды соқты.

«Хапоэль» командасының қазақстандық шабуылшысы Артур Шушеначев негізгі құрамда шығып, 36-минутта сары қағаз алып, 56-шы минутта ауыстырылды.

Осылайша Беер-Шеваның «Хапоэль» клубы Израиль кубогының жартылай финалына шықты. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или