«ПСЖ» «Барселонаның» екі футболшысына көз тікті

«ПСЖ» «Барселонаның» екі футболшысына көз тікті

Француздық «Пари Сен-Жермен» «Барселонаның» екі қорғаушысы – Жюль Кунде мен Эктор Фортқа қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Barca Times Catalunya Ràdio-ға сілтеме жасап X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) хабарлады.

Дереккөздің хабарлауынша, бірнеше апта бұрын Барселонада клуб өкілдерінің кездесуі өтіп, онда ықтимал трансферлер талқыланған. Сол кездесудің нәтижесінде клубтың Фортты сатудан бас тартқаны, бірақ Кунденің ауысуын талқылауға дайын екені хабарланды.

25 жастағы Кунде 2022 жылдың жазында 50 миллион еуроға «Севильядан» Барселонаға ауысты.Осы маусымда қорғаушы барлық турнирлерде көк гранаттардың 32 матчына қатысып, екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Ойыншының испаниялық клубпен қазіргі еңбек келісімі 2027 жылдың жазына дейін жасалған. Transfermarkt интернет-порталының мәліметі бойынша, футболшының нарықтағы құны 60 миллион еуроны құрайды.

17 жастағы Форт каталондық клубтың түлегі. Футболшы Барселонаның негізгі командасында жеті матч өткізіп, екі нәтижелі пас берді. Transfermarkt интернет-порталы қорғаушының құнын 7,5 миллион еуроға бағалайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или