«Барселона» қорғаушысы клубтан тегін кетеді

«Барселона» қорғаушысы клубтан тегін кетеді

«Барселона» қорғаушысы Маркос Алонсо осы маусымның соңында клубтан кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz

Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, тараптар ынтымақтастықты тоқтату туралы өзара келісімге келген. Испаниялық футболшы каталониялық командадан еркін агент ретінде кетеді.

Алонсо «Барселона» сапында екінші маусымын өткізіп жатыр. 33 жастағы қорғаушы осы маусымда Ла Лигада бар болғаны 4 матч өткізді.

«Барселонадан» жартылай қорғаушы Серхи Роберто да кетуі мүмкін. Алайда жартылай қорғаушының болашағы Хавидің жағдайына байланысты болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или