Қорғаушылар 7 гол соқты. Шабуылшылар жоқ па бізде

Осы аптада футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі мәресіне жетті. Негізгі турнирге жолдама алудан үміттенбейтін Қазақстан ұлттық құрамасы топта бесінші орын алды. Құрамамыздың еншісінде жеті гол бар. Оның бәрін де қорғаныс шебінде ойнайтын футболшылар соққан. Мүмкін олардың шабуылшылармен орны ауысып кетті ме? «PROСПОРТ» тілшісін осы сұрақ толғандырды.

Ең алдымен, осы іріктеуде голдар кімдердің атына жазылғанын еске алайық. Алғашқы голды Голландия құрамасына Ренат Абдулин соққан болатын. Кейін Юрий Логвиненко үш рет Петр Чех қақпасынан саңлау тапса, Самат Смақов пенальтиден Түркияға гол соқты. Іріктеудің соңғы екі матчында Исламбек Қуат көзге түсті. Яғни, құрама сапында гол соққан төрт ойыншының екеуі қорғаушы, екеуі артқы жартылай қорғаушы. Шабуыл шебінде ойнайтын бір футболшы жоқ.

Неге? Себебі ұлттық құрама соққан жеті голдың алтауы стандарттан орындалды. Қазақстан ойыншылары төрт рет бұрыштама доптан, бір рет айып соққысынан, тағы бір рет пенальтиден көзге түскен. Тек Латвияға қарсы өткізгілген соңғы матчта ғана Исламбек Қуат пен Таңат Нөсербаевтың жұбы комбинация ұйымдастыра алып, нәтижесінде «Қайраттың» жартылай қорғаушысы матчтағы жалғыз голды соққан.

Соғылған голдар қорғаушылардың еншісінде кетуін шабуылшы Сергей Хижниченко былай түсіндірген:

– Мұның қалыпты жағдай емес екені түсінікті. Қазір біз көбіне тек стандарттық шабуылдарда ғана гол соғып жүрміз. Шабуылда ойнау үшін комбинация жасап, жылдам пас алмасу керек. Әзірше қолымыздан келгені осы болып тұр. Мәселе - баста, жылдам ойлану қабілетін арттыру керек. Дегенмен, қорғаушылардың гол соққанын жамандыққа баламаймын. Шабуылшылар да, қоғаушылар да гол соқсын, онда тұрған ештеңе жоқ.

Міне, шабуылшымыздың түсіндіргені осы. Форвардтарымыз да жиі комбинация ұйымдастыра алса, бірнеше матчта ұпай еншілей алар едік. Әйтпесе, осы іріктеу нәтижесі бойынша орталық қорғаушының үш голмен үздік сұрмерген атануы – масқара.

Шабуылшыларымыз құрамада ғана емес, ішкі чемпионатта да жиі қанжығасый майлай бермейді. Мысал ретінде, ұлттық құрамада шабуыл шебіне жиі қойылып жүрген үш футболшыны алайық – Сергей Хижниченко, Таңат Нөсербаев, Алексей Щеткин. Осы іріктеуде 5 матч өткізіп, гол салмақ түгілі, нәтижелі пас та бере алмаған Щеткин мырза елордалық клубта да көрнекті ойынымен көзге түспеген (18 ойын, 3 гол). 28 жастағы Нөсербаев болса, бүгінге дейін біріншілікте сегіз гол соғыпты. «Ақтөбенің» форварды Сергей Хижниченко чемпионатта тоғыз голмен көзге түскен. Барлық шабуылшымыздың құрамадағы нәтижесі мынадай: 2 нәтижелі пас.

Әзірше алдыңғы шептегі шабуылшылардың пайдасы шамалы. Ал қорғаушыларымыздың қай-қайсысы да жарап тұр. Хижниченко бастаған форвардтарымызға құрамада гол соғуды Логвиненко мен Қуаттан үйренген абзал.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или