Қожағапанов қожалықтан кетеді ме

Кеше Алматыдағы «Достық» қонақ үйінде «Қазақстанның футбол трибунасы» деген атаумен күмәнді жиын өтті. Бұрын ҚФФ-ны басқарған Михаил Гурман жақтастарын жинап қазіргі президентті тақтан тайдырып, мерзімнен бұрын сайлау өткізуді ұсынды.

Не үшін «күмәнді» дейсіз ғой? Себебі, бас қосу кезінде өздерін оппозицияшыл ретінде көрсеткен тұлғалар қазақ футболын дамыту үшін нақты қадамдарды ұсынып, кемішіліктерді көрсетудің орнына бірден, Ерлан Тоқтарханұлы Қожағапановты алып тастау туралы ұсыныс жасады. Сылтау біреу ғана: «Астана» президенттік кәсіпқой спорт клубын басқаратын адам Қазақстан Футбол Федерациясын қатар алып жүре алмайды-мыс. Білмейтіндерге ескерте кетейін, талай елде мұндай практика қолданылады. Мәселен, Испания футбол Федерациясының президенті Анхель Мария Вильяр УЕФА-ның вице президенті қызметінде! Стамбулдық «Бешикташ» футбол клубының жетекшісі Йылдырым Демирорен 2012 жылдан бері Түркия футбол Федерациясын басқарып жүр! Алайда ол жақта ешкім шулап жатқан жоқ. Тағы алып қосарым бар, УЕФА Қожағапановтың екі міндетті қатар алып жүруінде ешқандай заңға қарама-қайшылық жоқ екенін ресми мәлімдеді.

Қазақстанның футбол Федерациясын қолға алғанына бір жыл толмаған адамды қалайша орнынан алып тастауға болады? Осы жайт түсініксіз. Себебі оның атқарған қызметіне жыл соңында ғана баға беріледі ғой. Қожағапанов тоғыз ай ішінде Ұлттық құраманы әлемдік рейтингіде 50 сатыға көтермеген шығар, алайда істеген игі шаралары да аз емес. Мәселен, биыл Оңтүстік өңірлерде балаларға арналған футбол Академиялары ашылды. Бір жылда екі (!) бірдей клуб еурокубоктарда сәтті өнер көрсетті, «Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты! Әй, арманымыздың сынық сүйемдей бөлшегі Қожағапановтың тұсында орындалды емес пе? Жасөспірімдер футболын дамытуға қатысты келер жылға дайындап жатқан нақты жоспары да бар. Оны қаңтар айында жария етуге дайындық жүріп жатыр қазір. Ұлттық құрамамыз енді-енді әупірімдеп жүріп сырт алаңдарда жеңіске жете бастады. Осы кезде аяқтан шалу дұрыс па?

Назарбаевтің немере-жиені «футболды менің қолыма беріңдер» деді кеше. Айсұлтан Назарбаев «Қазақстанның футбол трибунасы» деген атаумен өткен жиынның соңында келіп санаулы журналистерге сұхбат берді (негізгі пікіралмасуға қатыспаған). 25 жастағы жігіттің Еуропаны шарлап шетелдік футбол Академияларында оқыған-тоқығаны бар шығар. Алайда, бірден президенттік тақты сұрағаны қалай? Білікті маман болса, футбол Федерациясының бір департаментінен бастап іскерлігін неге дәлелдеп көрмеді?

Қалай болғанда да, жеке мүдде үшін біреудің жұмысына араласу дұрыс емес. Футбол командалық ойын. Ұйымдастыру комитеті де ұжым болып жұмыс істеу керек. Футболды дамыту кез келгеннің көкірегінде сайрап тұр. «Ананы сөйту керек», «мынаны бүйту керек» деп әрбіріміз айта аламыз. Ал шындап іске кірісу бір бөлек нәрсе.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или