русский язык
Әлем футболы

Неймар «Барселонаға» оралғысы келеді

Неймар «Барселонаға» оралғысы келеді
news-banner7
mobile-news-top

Бразилиялық шабуылшы Неймар Сауд Арабиясының «Әл-Хилал» футбол клубынан оны Испанияның «Барселонасына» бір жылға жіберуді сұрады.

Футболшы тізедегі жарақатынан айыққан соң каталондық клубта бір жыл ойнағысы келеді. Бұл ретте клубтардың ойыншыға қатысты ешқандай келіссөз жүргізбегені атап өтілді.

Неймар тамыз айында француздық «Пари Сен-Жермен» командасынан «Әл-Хилалға» ауысты.

«Барселона» сапында Неймар Чемпиондар лигасын, клубтар арасындағы әлем чемпионатын, УЕФА суперкубогын, Испания суперкубогын, екі рет Испания чемпионатын және үш рет ел кубогын жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;