Әлем футболы

Грузия Еуропа чемпионатына шыққаны үшін қанша миллион еуро алады?

Грузия Еуропа чемпионатына шыққаны үшін қанша миллион еуро алады?
news-banner7
mobile-news-top

Грузия 2024 жылғы Еуропа чемпионатына қатысқаны үшін 9,25 миллион еуро ақшалай сыйлық алады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Еуропа футбол одағы хабарлады. УЕФА бұл соманы Еуропа чемпионатына қатысатын әрбір елге бөледі.

Грузия құрамасы енді F тобында өнер көрсетеді. Оның қарсыластары Португалия, Түркия және Чехия құрамалары болады.

Турнир Германияда 2024 жылдың 14 маусымы мен 14 шілдесі аралығында өтеді. Еуро-2024 жүлде қоры рекордтық 371 миллион еуроға жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер