Әлем футболы

Қазақстан құрамасына гол соққан футболшы сотталды

Қазақстан құрамасына гол соққан футболшы сотталды
news-banner7
mobile-news-top

Киевтің «Динамосымен» келісімшартқа отырған Люксембург құрамасының шабуылшысы Герсон Родригес шартты түрде 18 айға бас бостандығынан айырылды.

RTL хабарлауынша, Люксембург пен Қазақстан арасындағы кездесуден (2:1) кейін футболшы өзіңе қатысты шешімді естіген. Матчта футболшы бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Родригес Люксембург аруы 2020-ның бұрынғы құрбысы Эмили Боландқа зорлық көрсетті деп айыпталған.

Герсон шартты түрде 18 айға бас бостандығынан айырылды және 1500 еуро айыппұл төлейді.

Естеріңізге сала кетейік, Герсон «Динамоға» 2019 жылы ауысты. Оның киевтік клубпен келісімшарты бар, бірақ бұған дейін 6 рет жалға берілген. Қазір ол «Слованда» ойнап жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер