Қазақстан U19 қыздар құрамасына шақырылған футболшылар белгілі болды

Қазақстан U19 қыздар құрамасына шақырылған футболшылар белгілі болды
19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Еуропа чемпионатының екінші іріктеу кезеңі матчтарына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.

26 наурыз күні Талғар базасында Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиынын бастады. Жиын аясында біздің команда Қырғызстан U-19 құрамасымен жолдастық матч өткізеді. Ойын 29 наурыз күні сағат 15:00-де болады.

Айта кетейік, Қазақстан U-19 құрамасы «В» Лигасының 5-тобында Солтүстік Ирландия, Эстония және Грузия командаларымен ойнайды. Ойындары 2024 жылы 3-9 сәуір күндері Грузия астанасы Тбилисиде өтеді.

Қазақстан U-19 қыздар құрамасының ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Әсел Әнуарбек («Ордабасы»), Арина Орел («Ақсу»);

Қорғаушылар: Карина Ботабек, Қазына Норбаева (екеуі де – «Ордабасы»), Александра Набокова («Шахтер»), Жансұлу Нұрғазина, Саидахон Зайнутдинова (екеуі де – БЖМОРСМ №8), Әсел Орынбай («БИІК-Шымкент»), Асыл Кәкен («Жетісу»), Ксения Подгаевская («Тобыл»);

Жартылай қорғаушылар: Аяна Рахымжанова («Томирис-Тұран»), Анастасия Перейма («Астана»), Эльвира Махмутова («Ордабасы»), Олеся Шаповалова, Диана Нақыпбек (екеуі де – «Шахтер»), Аяжан Қожабекова («Ақсу»), Милана Егиазарян, Эльмира Абдулаева (екеуі де – «Қайрат»), Лунара Мыңжасар, Даяна Берікова (екеуі де – БЖМОРСМ №8);

Шабуылшылар: Валерия Попова («БИІК-Шымкент»), Томирис Темірбекова, Адина Бейбіт, Адия Асқарова (барлығы – БЖМОРСМ №8), Нұрай Жәлімбетова («Қайсар»);

Бапкерлік штаб: Орынбасар Дәуренбекова – бас бапкер, Махаббат Досжанова – бас бапкердің көмекшісі, Ұлбосын Жолчиева – бас бапкердің көмекшісі, Валентина Пенькова – фитнес бапкер, Қазыбек Мамиленов – қақпашылардың жаттықтырушысы, Сәуле Қадырбаева – дәрігер, Анар Қайдауова – массажист, Гүлназ Әлиева – бейнеоператор, Рахат Әкімқұл – менеджер.

 

Қазақстан U-19 құрамасының ойындар кестесі (Астана уақыты көрсетілген):

03.04.2024 

Қазақстан WU-19 – Эстония WU-19 – 15:00

 

06.04.2024 

Солтүстік Ирландия WU-19 – Қазақстан WU-19 – 15:00

 

09.04.2024 

Грузия WU-19 – Қазақстан WU-19 – 17:00

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или