Қазақстан Бірінші лигасының өтетін күндері мен қатысушылары белгілі болды

Қазақстан Бірінші лигасының өтетін күндері мен қатысушылары белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

4 сәуір мен 24 қазан аралығында республиканың 13 облысынан 16 футбол клубының қатысуымен Қазақстанның Бірінші лигасы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ақжайық», «Ақтөбе Ж», «Алтай», «Арыс», «Жетісай», «Қайрат-Жастар», «Қайсар Жас», «Каспий», «Қыран», «Оқжетпес», «Тараз» клубтары, «Түркістан», «Ұлытау», «Хан-Тәңірі», «Екібастұз» және «SD Family». Турнир қорытындысы бойынша 1 және 2 орындарға ие болған командалар Премьер-Лиганың келесі маусымына қатысу құқығына ие болады, ал маусымды 15-16 орындарда аяқтаған командалар Екінші лигаға жолдама алады.

Айта кетейік, биылғы маусымнан бастап Бірінші лигаға қатысатын клубтардағы ойыншылардың барлығы қазақстандық футболдың түлектері болуы керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер