Әлем футболы

Каземиро мансабын Сауд Арабиясында жалғастыруы мүмкін

Каземиро мансабын Сауд Арабиясында жалғастыруы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

«Манчестер Юнайтедтің» бразилиялық жартылай қорғаушысы Каземиро жазда Сауд Арабиясындағы клубтардың біріне ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Каземиро бразилиялық «Сан-Паулу» клубының түлегі. 2013 жылы «Реал Мадрид» ойыншысы атанды, тоғыз жылдан кейін «Манчестер Юнайтедке» ауысты. Осы маусымда 32 жастағы жартылай қорғаушы барлық турнирлерде 21 матч өткізіп, бес гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Ойыншының «Манчестер Юнайтедпен» келісімшарт мерзімі 2026 жылдың маусым айының соңына дейін. Беделді Transfermarkt интернет-порталы Каземироның нарықтық құнын 30 миллионға бағалайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер