Әлем футболы

Криштиану Роналду 2 миллион доллар тұратын көлігін көрсетті (видео)

Криштиану Роналду 2 миллион доллар тұратын көлігін көрсетті (видео)
news-banner7
mobile-news-top

Танымал футболшы Криштиану Роналду бағасы 2,2 миллион доллар болатын Ferrari Daytona SP3 автокөлігін тізгіндеп жүр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Ferrari Daytona SP3 автокөлігі 2021 жылы таныстырылды. Бұл темір тұлпардың тек 599 данасы шығарылған. Онда 840 аттың күшіне тең келетін 6,5 литрлік V12 қозғалтқышы орналасқан. Daytona SP3 2,85 секундта 100 км/cағат қашықтыққа дейін жүре алады. Максималды жылдамдығы 340 км/сағатқа дейін жетеді. Бұл автокөлік – Роналдудың колекциясындағы бесінші Ferrari. Оның иелігінде Ferrari F430, 599 GTO және F12 DF, Ferrari Purosangue бар.

Айта кетейік, кеше, 26 наурызда футболдан Португалия құрамасы Словенияға қарсы жолдастық кездесу өткізіп, 2:0 есебімен жеңіліп қалды. Бұл матчта Роналду да ойнады, бірақ нәтижелі әрекеттерімен көзге түспеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер