«Галатасарай» өз алаңында «Генчлербирлигиді» ұтты

Түркия чемпионатының 8-турында «Галатасарай» «Генчлербирлигиді» 4:1 есебімен тас-талқан етті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Ойынның есебін 37-минутта қонақтар ашты – көзге түскен Мустафа Эль-Кабир. Алайда артынша тек алаң иелері гол салды: 49-минутта Билал Кыса таразы басын теңестірсе, төрт минуттан кейін Орельен Шеджу қанжығасын майлады. 67-минутта Ясин Озтекин алаң иелерінің үшінші голын салса, ойын аяқталар тұста Бурак Йилмаз пенальтиді дәл орындады – 4:1. Осы жеңісінің арқасында «Галатасарай» 17 ұпаймен Түркия чемпионатының көш басына шықты.

Естеріңізге сала кетсек, стамбулдық клуб Чемпиондар лигасында «Астанамен» бір топта ойнайды.

Түркия - Суперлига. 8-ші тур

Галатасарай (Стамбұл) – Генчлербирлиги (Анкара) – 4:1

Голдар: Эль-Кабир, 37 (0:1); Кыса, 49 (1:1); Шеджу, 53 (2:1); Озтекин, 67 (3:1); Йилмаз, 87 (4:1, пен).

Ескертулер: Кароль, 20; Инан, 39 – Спелманн, 21; Латовлевич, 45+2.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или