Португалия құрамасының бапкері Роналду туралы пікір білдірді

Португалия құрамасының бапкері Роналду туралы пікір білдірді

Португалия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес «Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду туралы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Криштиану Роналду - әрқашан өзін-өзі ынталандыратын футболшы. Ұзақ еңбек жолында ол әрқашан үлгі болды. Бұл әріптестері үшін де, қарсыластары үшін де үлгі. Роналду 20 жас кіші сияқты ойнайды», - деп келтіреді маманның сөзін Noticias ao Minuto.

39 жастағы Роналду осы маусымда 33 матч өткізіп, 30 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.

Еуропа чемпионатында Португалия құрамасы Түркия, Чехия және Грузия – Грекия матчының жеңімпазымен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или