«Барлық билет әлдеқашан сатылып кеткен». Люксембург пен Қазақстан матчына қанша көрермен барады?

«Барлық билет әлдеқашан сатылып кеткен». Люксембург пен Қазақстан матчына қанша көрермен барады?
news-banner7
mobile-news-top

Люксембургте неміс және француз тілдерінде күн сайын шығатын Tageblatt газетінің спорт журналисі Дан Элвингер Prosports.kz тілшісіне жергілікті жанкүйерлердің Қазақстан құрамасына қарсы алдағы жолдастық кездесуге деген қызығушылығы туралы пікір білдірді.

«26 наурыздағы ойын бастапқыда УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіндегі финал ретінде қарастырылды, онда ЕУРО-2024 жолдамасының тағдыры шешілетін болды және оған барлық билет әлдеқашан сатылып кеткен. Ал бұл тоғыз жарым мың орын. Бірақ қазір жанкүйерлер мағынасыз матчты тамашалауға аса құмар емес – стадионда бар болғаны 5-6 мың адам болады деп ойлаймын. Билет бағасы шамамен 50 еуро болды – бұл әдеттегі матчтардағыдай. Бірақ оларды кассаға қайтару қарастырылмаған», - деді Люксембургтегі әріптесіміз.

Бұған дейін Люксембург пен Қазақстан құрамалары УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің жартылай финалында Грузия (0:2) және Грекия (0:5) құрамаларына есе жіберіп, ЕУРО-2024 турниріне іріктеуден ұшып кеткен болатын.

Фото: Getty Images

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер