«Ақтөбе» қосымша минутта жеңісті жұлып алды

«Ақтөбе» қосымша минутта жеңісті жұлып алды

Футболдан ел Премьер-лигасының 29-турында «Ақтөбе» өз алаңында павлодарлық «Ертісті» қабылдады, деп хабаралйды «PROСПОРТ».

Бірінші таймда футболшылар бір-бірінің қақпасынан саңлау таба алмады. Есесіне үзілістен кейін жанкүйерлер бес гол көрді.

Екінші таймның басында Маркос Пизелли алаң иелерін алға шығарса, 59-минутта Данило Сирино «Ақтөбенің» басымдығын ұлғайтты. Павлодарлықтар қос гол жібергеніне қаймықпай, алға ұмтылып, көп ұзамай соның жемісін көрді. 64-минутта Самат Смақов пенальтиден көзге түсіп, есеп айырмасын қысқартқан. Араға төрт минут салып, Константин Дудченко таразы басын теңестірді. Төреші қосқан қосымша бес минутта Пизелли мен Сирино дуэті тағы бір нәтижелі шабуыл жасады. Маркос стандарттан соң айып алаңына пас әуелеткен, Данило оны басымен қақпаға дәл жіберіп, «Ақтөбеге» жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп – «Ақтөбенің» пайдасына 3:2.

Бұл ойыннан кейін 31 ұпай еншілеген «Ақтөбе» үздік үштікті түйіндеп тұрса, «Ертіс» 25 ұпаймен бесінші орында қалды.

«Ақтөбе» - «Ертіс» 3:2 (0:0)

Голдар: 1:0 – Пизелли 50, 2:0 – Данило 59, 2:1 – Смақов (пенальтиден) 64, 2:2 – Дудченко 68, 3:2 – Данило 90+

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или