«Астана» «Ордабасыдан» басым түсті

Футболдан ел чемпионы елордалық «Астана» Қазақстан чемпионатының 29-турында өз алаңында шымкенттік «Ордабасыны» жеңді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бірінші таймда жанкүйерлер бір ғана гол көрді. Бұл голды «Ордабасының» қорғаушысы Сергей Малый салған. Алаң иелерінің шабуылы барысында шымкенттік қорғаушы допты өз қақпасына енгізіп алды. Екінші таймда Роджер Каньяс «Астананың» тоблодағы көрсеткішін ұлғайтты. 72-минутта Еркебұлан Тұңғышбаев есеп айырмасын қысқартқанымен, жанкүйерлер бұдан кейін гол көрмеді. Қорытынды есеп – «Астананың» пайдасына 2:1.

Бұл матчтан кейін елордалықтар 34 ұпаймен екінші орында, «Ордабасы» 26 ұпаймен төртінші сатыда қалды.

«Астана» - «Ордабасы» 2:1 (1:0)

Голдар: 1:0 – Малый (автогол) 19, 2:0 – Каньяс 58, 2:1 – Тұңғышбаев 72

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или