Тимофей Скатов Хорватиядағы жарыстың финалына шыға алмады
Қазақстандық, әлемнің 273-ракеткасы Тимофей Скатов Задар (Хорватия) челленджер турнирінің финалына шыға алмады.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 254-ракеткасы, Болгария өкілі Адриан Андреевпен сынға түсті.
Болгариялық теннисші 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты бәсеке барысында Скатов 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Андреев 3 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жіберген жоқ.
Т.Скатов жартылай финалға дейін жетуі нәтижесінде ATP Live рейтингісінде 271-орынға көтеріліп тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или