Левандовски Гиннестің рекордтар кітабына енеді

Роберт Левандовски орнатқан рекордтардың арқасында Гиннестер кітабында жаңа төрт жазба болмақ. Поляк шабуылшысы ең жылдам хет-трик (4 минут), покер (6) және пента-трик (9) авторы атанды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Сондай-ақ, бұған дейін ешқандай футболшы ойынның ортасында алаңға қосылып, бес гол салып көрмепті. Бұл рекордтардың бәрін де Левандовски 22 қыркүйекте Германия чемпионатының алтыншы турындағы «Вольфсбургке» қарсы матчта жасады. Кездесу 5:1 есебімен мюнхендік команданың пайдасына шешілді.

Осы маусымда Левандовски «Бавария» сапында 10 матч өткізіп, 16 голдың авторы атанған. Еуро-2016 іріктеу турнирінде Польша құрамасы сапында шабуылшы 13 рет қанжығасын майлап, іріктеудің үздік сұрмергені атанып қана қоймай, Солтүстік Ирландия құрамасының ойыншысы Дэвид Хили сегіз жыл бұрын жасаған рекордты қайталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или