Анхель Ди Мария Аргентина құрамасы сапында ассисттер саны бойынша Марадонаны озды
Бүгін Аргентина құрамасы жолдастық кездесуде 3:0 есебімен Сальвадорды жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Вингер Анхель Ди Мария матчта нәтижелі пас беріп, Аргентина құрамасы тарихындағы ассисттер саны бойынша Диего Марадонадан (26 нәтижелі пас) озып, екінші орынға көтерілді – 27.
Бұл көрсеткіш бойынша көшбасшы Лионель Месси. 36 жастағы аргентиналық футболшы 54 нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или